Өрт жалпы аумағы 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына Көкшетау қаласының мамандандырылған №1 өрт сөндіру бөлімі жедел аттанды.
– Өрт 14 минут ішінде ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Жалпы, тек былтырғы жылдың өзінде ғана Көкшетау қаласында 32 автокөлік өртенген. Төтенше жағдай қызметі азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы