35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 миллион теңге алып жатқан сәтте ұсталып, қамауға алынды.
Күдіктілер кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені заңсыз иемдеген болуы мүмкін.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Арнайы операцияны Атырау облысы Полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасы жүргізді.
Баян Жанұзақова