ШҚО-да жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмды

Қайғылы оқиға Өскемен-Семей тасжолында болған.

Шығыс Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам ажал құшты, деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы оқиға Өскемен-Семей тасжолының 23-шақырымында болған.

«9 қаңтарда сағат 15.25 шамасында Саратовка кенті маңында «Нива Шевроле» және «Тойота» маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды»,  делінген ПД хабарламасында.

Қазір абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.