Абай облысында жеңіл көлік жүк машинасына соғылып, жыраға құлап кетті

Жеңіл көліктің жүргізушісі жолда ұйықтап кеткен.

Абай облысында көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шақырымында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен  Lada Granta көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда  ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ақпаратта.

30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.