Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілі Марат Сыздықов ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ұйымның ресми Telegram каналына сілтеме жасап.
"Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына өтуіне байланысты төрағалықты Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Зенікенұлы Сыздықов қабылдады", – делінген хабарламада.
Марат Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.
1984-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен;
1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген;
2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
1991-1992 жылдары – Целиноград қаласындағы №7 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі;
1992-1998 жылдары – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;
1998-2000 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы;
2000-2002 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының халықаралық үдерістерді талдау және болжау секторының меңгерушісі;
2002-2010 жылдары – ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
2010-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;
2014-2019 жылдары – ҚР Ресей Федерациясындағы елшілігінде кеңесші;
2019 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.