Жол апатынан жедел жәрдемнің қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.
1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігін соққан. Ал 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігін зақымдаған.
«Сағат 18:30 шамасында Ақтау-Доссор тасжолының 74-шақырымында 4 автокөлік соқтығысты. Салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», – деді Патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Алмаз Закариев..
Бұған дейін БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.