Креативті индустрияны дамыту маңызды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығында болды.

Шара «Шығармашылық индустрияны дамыту келешегі және зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық әдістері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысына дайындық аясында өтті.

Депутаттар кездесу барысында орталықтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ алдыңғы қатардағы әлемдік технологиямен жасалған жасанды интеллект саласына мемлекеттік тілді кіріктіру және мемлекеттік тілді оқытудың озық тәсілдерін әзірлеу мәселелері туралы орталық қызметкерлерімен, сарапшы-ғалымдармен және ІТ мамандармен пікір алмасты. 

«Мемлекет басшысының ІТ саласына, оның ішінде жасанды интеллекті дамыту мәселесіне ерекше назар аударып отырғаны белгілі. Бұл мә­селе Сенат қабырғасында да талқыланатын бола­ды. Осы кездесудің өзі саланың болашағы мен проблемасы туралы көбірек білу үшін өтіп отыр. Бұл бізге Президент қойған міндеттерді орындау үшін заңнамалық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті сенатор Нұртөре Жүсіп. 

Депутаттар жүздесу соңында алдағы дөңгелек үстел отырысы барысында тиісті ұсыныстар жинақталып, талқыланатынын атап өтті.