Бүгін Көкшетау қалалық сотының үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Сот үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, мердігер ұйымның директоры Ш. мен нысанға техникалық қадағалау және сараптаманы жүзеге асырушы маман 7 және 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2 тармағы бойынша сотталғандар Щучинск қаласында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 50 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Олар толық көлемде әлі орындалып болмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаны туралы актіге қол қойып жіберген. Қылмысты ұйымдастырушы мердігер ұйымның директоры Ш. мен техникалық қадағалау маманы Р. болған. Облыстық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгертілген.
– Қылмысты жасаудағы жасы келгеніне (74 жас) және белсенділігі төмендігін ескере келе Р.-ға жаза екі жылға дейін төмендетілді. Сонымен қатар Ш-ға қосымша мемлекеттік қызметте өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды, – дейді Ақмола облыстық сотының өкілі.
Сотталушылардың айыбын куәгерлер растады. Сот-құрылыс-экономикалық сараптама қорытындысымен дәлелденді. Сот сонымен қатар айыптаушы тараптың ұсынылған дәлелдерінен кейін қорғаушылардың құрылыс материалдарының қымбаттауына және жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстың жүргізілгені туралы деректерін жарамсыз деп таныды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы