Астанада 1-ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

Астанада оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытуға көшірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап. 

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 12 қаңтарда бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», – деп хабарлады ведомстводан.