Түркістан облысында бірнеше мектепте күзетшілер жаппай жұмыстан шығарылған. Ал білім беру ұйымдары жұмыссыз қалған қызметкерлеріне тиесілі өтемақыны аудармаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, министрдің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.
Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері мектептегі 1 473 мектеп күзетшісімен еңбек шартын біржақты бұзған.
«Алайда жұмыс беруші енбек заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген. Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде, барлығы 115 млн теңге өтемақы төлемдері аударылды», – делінген Түркістан облысы прокуратурасының хабарламасында.