Риддер әкімдігінің мәліметінше, Громотуха өзенінің шатқалында қар көшкінінің өздігінен түсуіне байланысты кеше су беру тоқтатылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай орнына әкімдіктің, арнайы қызметтердің өкілдері жедел түрде барды. Жерасты су жүйесін іске қосу жұмыстары басталды.
«Қазір жөндеу-іске қосу жұмыстары жалғасуда. Судың қысымы көтеріліп келеді. Таңертең сумен жабдықтау іске қосылды. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды, түсіністікпен қарауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жағдай тұрақты бақылауда», - деп хабарлады қала әкімдігі.