Атырауда сал ауруына шалдыққан қыз баланы зорламақ болған педофилге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға 2022 жылғы 6 желтоқсанда қаладағы Авангард шағынауданында болған. Полиция 13 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады. Баланы анасы сабаққа апара жатқан. Алайда көліктен шыққан сәтте оған ер адам отырып, автомобильді айдап кеткен.
Көршілердің айтуынша, қыз кішкентай кезінен сал ауруына шалдыққан.
2023 жылғы маусымда бұл қылмыстық іс Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адам Қылмыстық кодекстің 2-бабы бойынша (қызды зорлау және ірі көлемде шығын келтірген көлікті ұрлау әрекеті) кінәлі деп танылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, іс жабық сот отырысында қаралған. Сондықтан оның мән-жайы толық жарияланбады.
– Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің және оның заңды өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді, – деп жазылған облыстық соттың хабарламасында.
Айыпталушы кінәсін мойындады. Судья оны 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.