Көкшетауда балабақша қызметкері жұмысқа мас болып келген

Балабақша қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, одан кейін ол жұмысынан босатылды.

Көкшетауда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тексеріс жүргізген прокуратура қызметкерлері балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде жұмысқа келгенін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Қала прокуратурасының мәліметінше, аталған факт балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрі ауыр жағдайғаларға себепкер болуы мүмкін болған. 

– Балабақша қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылып одан кейін ол жұмысынан босатылды. Сонымен қатар аталған балабақшада жүргізілген тексеріс барысында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірерлік санитарлық-эпидемиологиялық заңнаманың бұзылғаны да анықталды. Аталған заңбұзушылықтарға жол бергені үшін балабақша меңгерушісі де жауапкершілікке тартылды, – деді Көкшетау қалалық прокуратурасынан. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы