Әр ел өз циркінің экспонаттарын көпшілікке паш етті. Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы шетелдіктердің назарына отандық цирк өнерінің тарихынан сыр шертетін суреттер, әртістердің костюмдері мен ұлттық жәдігерлерді ұсынды. Шара барысында 12 мемлекеттің цирк басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Алғаш рет ұйымдастырылған осындай көрмеге қатысып, Еуропада – 100 жыл, 200 жылдан асқан цирктардың тарихын көрсетіп отырса, біз де 50 жылдық тарихымызды көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. Мажар мен қазақ ұлттары достық, туыстық қарым-қатынаста. Мәдениеттері бір-біріне ұқсас. Көрмеде қазақ циркінің жауһарларын көргенімізге қуаныштымыз», – дейді Қазақ мемлекеттік циркі мұражайының жетекшісі Наргиз Тамабекқызы.