Алматы облысының жолдарында камерасы бар патрульдік көліктер көбейеді

Аймақтағы Полиция департаменті жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатқан.

Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды.

Алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.