Павлодар облысында Екібастұз бен МАЭС-1 стансасын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 стансасына апаратын автожолдың бойында болған.
"Көпір үстінде Mitsubishi маркалы автокөлік Volvo автобусын басып озып, қарсы жолақта Audi жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.