Екіжақты визасыз режим қосылып, тікелей рейстер ашылған соң Қытайдан Қазақстанға келетін туристер саны 17 есеге өскен, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.
“Хабар 24” арнасының жазуынша, Қазақстанға Түркия, Үндістан мен АҚШ азаматтары да жиі келеді екен. Сонымен қатар Өзбекстан, Ресей мен Қырғызстан, Тәжікстаннан келетін туристердің саны үнемі өсіп келеді.
Туризм министрлігінің өкілдері биыл да шетелдік туристердің саны артады деп үміттеніп отыр. Бұл үшін қосымша 500 миллион теңгеден аса қаржы бөліп, туристік алымды алып тастаған.
"Қазақстан туристер үшін өзінің ландшафтымен, мәдени мұрасы және мәдени байлығымен қызықты. Шетелдіктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан мен Атырау облыстарына барады. Экотуризм де қарқынды дамып келеді. Туристер де ұлттық саябақтарды аралап, турларға қатысқысы келеді", – деді Kazakh Tourism АҚ төрағасы Әлішер Тұрсын.