Құтқарушылар қар құрсауынан 12 жүк көлігін шығарды

Ақтүтек бораннан жол көрінбейді.

Бүгін «Үшарал-Достық» автомобиль жолының 84-184 шақырымында «Қазавтожол» мамандары қар құрсауынан 12 жүк көлігін шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Көліктердің жүргізушісін ТЖД қызметкерлері боран басталғанға дейін екі күн бұрын эвакуацияланған еді. 

Мамандар жүк көлігінің иелерін тауып, жолда қалған автомобильдерді қардан сүйреп шығарды. 

Қалған көліктердің иесін іздеп жатыр. 

Бүгін  Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауды.