Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.
Абай облысында – 1 учаске:
«Омск-Майқапшагай» 910-1002 км, Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы – 92 км (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ)
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Жамбыл облысында – 3 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы – Қайнар ауылы – 79 км.
«Меркі-Бурылбайтал» 161-273 км, Бірлік ауылы – Бурылбайтал ауылы – 112 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
2. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі ауылы – Түркістан облысы шекарасы – 59 км.
Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс)
Жетісу облысында – 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел).
Қостанай облысында – 2 учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» 339-377 км, Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы – 38 км.
2. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Арқалық қаласы – Ұлытау облысының шекарасы – 83 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске:
1. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» 213-280 км, Кішкенекөл – РФ шекарасы – 67 км.
2. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка ауылы – Рощинское ауылы – 166 км.
3. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 км, уч. Рощинское ауылы – Волошинка ауылы – 87 км.
4. «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка ауылы – Тимирязево ауылы – 119 км.
«Тимирязево-Сарыкөл – облыс шекарасына дейін» 0-32 км, Тимирязево ауылы –Қостанай облысы шекарасы – 32 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Түркістан облысында – 1 учаске:
1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Түркістан облысының шекарасы – Жібек Жолы а. (Машат өткелі арқылы) – 61 км.
Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді.
Ұлытау облысында – 1 учаске:
1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы – 188 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 524 бірлік техника және 860 адам жұмылдырылды.