Трамп сайлаушылардың 85 процент қолдауына ие болды
Трамп сайлаушылардың 85 процент қолдауына ие болды
Фото: Интернеттен алынды
5,161
оқылды
АҚШ-та «Cупер сейсенбі» деп аталатын алдын ала сайлау аяқталды, - деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, демократтар арасындағы партияішілік дауыс беру 14 штатта өтті. Оның қорытындысы бойынша Американың бұрынғы вице-президенті Джо Байден 10 штатта жеңіске жетті. Ал оның негізгі бақталасы Берни Сандерс Вермонт, Юта, Колорадо мен Калифорнияда басым түсті. Өз кезегінде миллиардер Майкл Блумберг тек америкалық Самоада ғана қарсыластарын артта қалдырды. Енді ол Байденге қолдау көрсетпек. Блумберг тіпті демократтар атынан шығып отырған үміткерге қаржылай көмек көрсетуге де уәде берді. Ал қазіргі АҚШ президенті әрі республикалық партия өкілі Дональд Трамп «Супер сейсенбі» қорытындысы бойынша сайлаушылардың 85 процент қолдауына ие болды.