Мәжілісте – Су және Құрылыс кодекстері

Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алда­ғы жалпы отырыстың күн тәртібі нақты­ланды.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылым­да экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсыныла­ды. Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бас­тама­сымен әзірленді. Құжат электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға, электр қозғалтқышы мен іштен жану қозғалтқышы бар көлік жүргізушілері арасындағы даулы мәселе­лерді шешуге, сондай-ақ электр зарядтау станса­ларын орнату жөніндегі қызметті реттеу үшін құқықтық тетіктер құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Мәжілістің қарауына Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрле­рі­нің құқығы туралы конвенция мен ЕАЭО шең­берінде медициналық бұйымдар айналысы­ның бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге енгізілетін түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары енгізіледі. 

Алдағы жалпы отырыста палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар: «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәрте­бесі туралы» Конституциялық заңға енгізілетін түзетулер, Су және Құрылыс кодекстерінің жо­балары, аумақтық қорғаныс туралы заң жобасы, денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша тү­зетулер, сондай-ақ бірқатар халықаралық келі­сім.