Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді – Абаев
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейді – Абаев
Фото: Интернеттен алынды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасының «Ашық диалог» бағдарламасында Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысына жарты жыл өтпей жатып не себепті оның құрамының өзгеріп жатқанын айтты. Дәурен Абаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамынан 6 адам не себепті шығарылғаны туралы өз ойын айтты. «Мұны айтарлықтай маңызды өзгерістер деп айта алмаймын. Ұлттық кеңестегі 44 адамның алтауы ғана ауысты. Бұл – қарапайым жұмыс процесі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі негізгі жұмыспен қатар жүретін қоғамдық жүктеме екенін түсінуіміз керек», – дейді Дәурен Абаев. Министр сонымен қатар кеңес мүшелеріне осы қызмет үшін жалақы төленбейтінін айтты. «Бұл қызмет үшін жалақы төленбейді. Бұл жерге тек өз еріктерімен келеді. Сондықтан оны негізгі жұмыспен үйлестіру физикалық тұрғыда да өте қиын», – дейді ол.