Ауа райына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а. – 79 км;
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында – 4 учаске:
- «Самара-Шымкент» 195-251 км, РФ шек.– Орал қ.– 56 км;
- «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
- Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді:
- «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево а.-Казталовка а. – 213 км:
- «Подстепное-РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а.-Федоровка а. – 36км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а.-Рощинское а. – 166 км;
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 450 бірлік техника және 738 жолшы жұмылдырылды.