Полицияның хабарлауынша, курьер тауарды жеткіземін деп алып кетіп, тапсырыс берушілерге табыстамаған, – деп жазды Aiqyn.kz.
“28 жастағы курьер анықталып, ұсталды. Тергеу айғақтарды анықтап, ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде", – деп түсіндірді полиция қызметкерлері.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ол Өзбекстан азаматы болып шықты.
Аталған фактіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.