Аяз, тұман, көктайғақ: 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Антициклон әсерінен бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады, жауын жаумайды. 

Тек республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және жел күшейеді.