Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палата­ларының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.