Алматы тауларындағы заңсыз нысандар анықталды

Алматының қала құрылысын бақы­лау бас­қармасы былтыр мегаполистің таулы жер­лерінде заңсыз құрылыс салудың 54 дерегін анықтады.

«44 нысан бойынша сотқа талап арыздар берілді, 31 талап арыз бойынша оң шешім қабылданды, ал қалғандары қаралып жатыр», – делінген Алматы қаласы әкімдігінің хабар­ламасында.

Бұл ретте 31 талаптың 25-і заңды күшіне енген, 6 талап бойынша апелляциялық сатыда сот талқылау­лары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін 2023 жылы құрылыс нысан­дарын жос­пардан тыс 1 074 тексеру барысында 1 140 заң­бұзу­шылық анықталған.

«Басқарма объектілерді жоспардан тыс тек­серуді алынған өтініштер негізінде «Қазақ­стан Респуб­лика­сы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның сақталуы тұрғысынан жүргізді.

Азаматтардың салынып жатқан объектілер бо­йын­ша толық және өзекті ақпарат алуы үшін бас­қарма 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама же­лісін іске қосты», – делінген ха­бар­­ламада.