Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданған. Оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық соманы құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған қаржы пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп-тексерген болатын.
«Г. Жұмағазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шетелде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды.
Г. Жұмағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді. Барлық салымшының салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді», – делінген ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.