Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасында айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздардың бірінің өткен өмірі туралы айтқан видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Назгүл өткен өмірін еске алды.
"Жаман болып кеткенбіз, иә? Қаптағы киіміміз тұрды, соны көрсеттік. Азық-түлігіміз тұр. Газымыз таусылып қалған. Таусылмағанда, тамақ істейтін едім. Жоқ, білмеймін (аяғы жарылғанын, тырнағы өскенін ағамызға айтпайтын едік – еск.). Үйдегі суға түсіп алатын едік. "Ауруханаға барасыңдар, шомылып алыңдар" дейді. Шәуілдірге ауруханаға барып келеміз. Жоқ, жүре береміз (былай шомылдырмайды – еск.)", – деп жазды журналист.