Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Арыста газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен екі адамның біреуі көз жұмды.

Арыста газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен екі адамның біреуі көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

 

Бұған дейін термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан, газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған еді.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.