Серікзат Дүйсенғазының ұлы көз жұмған «Елікті» паркінің басшысы сотталуы мүмкін

Оған абайсызда кісі өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетті деген айып тағылып отыр.

Ақмола облыстық соты Зеренді сотына «Елікті парк» ЖШС директорының үстінен Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы және 306 бабының 3-бөлігімен айыптау бойынша қылмыстық іс келіп түскенін жазды, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Қылмыстық кодекстің 306-баптың 3-бөлігіне сәйкес, қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету кесірінен абайсызда адам өліміне әкеп соққанда, төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ал алғашқы сот отырысы 22 қаңтар күні өтеді. Ол кезде үкім шықпайды.