Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады, деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп жатқанда, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-біріне балағат сөздер айтқан екі қыз төбелесіп қалған.
“Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.