Талғат Алманов: Ақпарат таратудың формасы өзгергенімен, журналистің міндеті өзгерген жоқ

Күнделікті өмірімізге сандық форматтың келуі мен әлеуметтік желілердің көбеюі сапалы журналистикаға деген сұранысты арттыра түсті.

Факт чекинг жасау мен ақпаратты бүкпесіз жеткізу бұрынғыдан да қиындай түскен сыңайлы. Осы орайда, журналисттердің интернет дәуіріндегі міндеті мен сандық (digital) журналистикадағы ақапарат таратудың маңыздылығы жайлы журналист әрі продюсер Талғат Алмановтан сұраған едік. 

- Дәстүрлі баспасөз беттерінің сандық (digital) форматқа өтуі соңғы 20 жылда ерекше дами түсті. Сіздің ойыңызша бұл өзгерістің артында қандай құбылыс жатыр?

- Журналистика тірі ағза сияқты. Әрдайым өзгеріп, дамып, ақпарат таратудың жаңа жолдары қолданылып жатыр. Тоқсаныншы жылдардың өзінде New York Times пен Washington Posy сияқты  әлемге әйгілі баспасөз беттерінің өзі онлайн форматқа көше бастады. Мұндай трансформацияның басты себептердің бірі дәстүрлі баспасөз құралдарының жарнамадан түсетін пайдасы төмендей бастады. Ал смартфондар мен гаджеттердің келуімен жарнаманың рөлі тіпті басқаша арнаға түсті. Сол себепті бұл трансформация журналистика үшін уақыт күттірмейтін қажеттілік болды.

- Баспасөз құралдарының сандық форматқа ауысуының қандай артықшылықтары бар? Көрермен және оқырман үшін?

- Басты артықшылығы  ақпараттың бірден қол жетімді болуы. Яғни, әлемнің бір құлығында болған оқиғаны, екінші құрлықтағы көрермен бірнеше секуіндта көре алады, оқи алады. Сонымен қатар андық форматтың келуімен ақпарат таратушы мен кқрерменнің арасындағы кері байланыс та арта түсті. Тағы бір артықшылығы ақпаратты ұсыну, көрерменнің назарын аудару құралдары кеңінен қолданыла бастады. Вищуализация, видео, нрафика солардың бір мысалы ғана. 

- Сонымен баспасөз құралдары табыс көзінен айыра бастағаны өзгеріске алып келді. Жарнама медиа үшін неліктен маңызды?

- Сапалы журналистік өнім шығару үшін кез-келген медиа ұйымға айналып келгенде қаражат қажет. Көптеген дамыған елдерде журналистік ұйымды мемлекет қаржыландырмайды. Табыс көзі - жарнама. Сол себепті газет, журнал, телеарна сияқты апарат көздерінде жарнама жасау қалыпты практика. Жарнамадан түсетін ақшадан қағылсаңыз, журналистік ұйым ретінде сапалы өнім жасау қиындай түседі.

- Дәстүрлі баспасөз беттерінің интернетке көшуі журналистердің жұмысын қиындай түспеді ме?

- Рас, қазіргі кезде әлеуметтік желілер ақпаратқа толы. Рас-өтірігі араласқан ақпаратты күнле көзіміз шалады. Жалған ақпаратқа алданып, зардабын көріп жатқан адамдар да жоқ емес. Пропоганда жасаушылар да бар. Бірақ менің ойымша ақпарат таратудың формасы өзгергенімен, журналисттің міндеті өзгерген жоқ. Журналист ақпараттың рас өтірігінен ажырата біліп, оны халыққа бүкпесіз жеткізе білуі керек. Оның қиындай түскені рас, бірақ журналистің кәсібилігі осындайда тексеріледі. Себебі халық шынайы ақпаратты білуге құқылы. Шынайы ақпаратты білу арқылы ғана, халықтың көзі ашылады, болып жатқан жаңалықтан хабардар болады.

- Әлеуметтік желілердің келуімен дәстүрлі медия трансформацияға ұышарады. Демек дәстүрлі медия өліп бара жатыр деген сөз бе?

- Олай айтуға ерте деп ойлаймын. АҚШ-тың өзінде миллиондаған адамдар әлі күнге дейін ақпаратты дәстүрлі жолмен тұтынады. Яғни газет оқиды, журнал ақтарады, теледидар көреді.

- Кейбір мемлекеттер журналистиканы мемлекеттің қадағалауын мақұлдаса, кейбір дамыған мемлекетте оның ашық болуы, еркін болуы маңызды саналады. Әлемдік практикада қалай және журналистиканың дамуы үшін не қажет?

- БАҚ-ты мемлекеттің бақылауы журналистикаға шектеу қояды. Бұл тәуелсіздікті қалайтын мамандық. Еркіндік болған жерде бәсекелестік туадыү Ал бәсекелестік сапалы журналитиканың қалыптасуына әкеледі. Азаматтардың өзі қоғамның өмірінде белсенді араласып, ақпаратты жинауға, оны таратуға, анализ жасауға ат салыса бастайды. 

Жалпы әлемдегі қазіргі ахуал журналистиканың мән-маңызын арттыра түсті. Қандай форматты алсаңыз да. Өйткені ақпараттық соғыс бірінші қатарға шыққан конфликт жағдайында журналистиканың бейтарап болуы, қауіпті аймақтарда репортаж жасауы күрделі мәселеге айналды. Кезінде Сербия Президентi Томислав Николич мырзамен, Нидерландының Премьер-министрі Марк Рюттемен эксклюзив сұхбат жасаған журналист әлемдік медиа нарықтың елеулі үлесін құрап отырған АҚШ медиасы туралы былай дейді:

АҚШ-та медиа этикетке үлкен мән беріледі. Ақпараттың обьективті түрде жетуін басшылықтан бөлек қоғамның өзі жіті қадағалайды. Жаңылмайтын жақ болмайды әрине. Бірақ кез-келген ақпарат барынша сүзгіден өткізіліп барып, көрерменге немесе оқырманға жетеді. Сонымен қатар бұл елде сенсациянализм деген ұғым кеңінен қолданылады. Демек ақпаратты бірінші болып беру, оның бірінші болып жариялау құпталады. Түрлі қауіпті аймақтарда жүріп ақпарат табудың өзі оңай шаруа емес, бірақ журналисттерге еркіндік берілген. Сол себепті әрбір журналист барын салып, ақпаратты бүкпесіз жеткізуге тырысады.

Талғаттың айтуынша журналиске берілетін ең үлкен мәртебе – еркіндік. Әрі бұл үшін ешкім оның жұмысына кедергі келтірмеуі, цензура қоймауы керек, – деп санайды ол.