Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Абай облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының Көкпекті ауданында қайғылы жол апаты болды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты. “102″ арнасына белгісіз ер адамнан республикалық маңызы бар Омск – Майқапшағай тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, зардап шеккендер бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda 626 автокөлігін басқарған 51 жастағы облыс орталығының тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігі қашып үлгере алмаған. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жатқызылды. Mazda 626 автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай, көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.