Жобаның басты бағыты – әскери қызметтегі жастар мен өскелең ұрпақты әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу. Жоба аясында әскери қызметті насихаттауға, Отанға қызмет етуге және жастарды Отан алдындағы қызметін атқаруға тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешені жоспарланған.
Әскери борышын өтегеннен кейін жастарға құқық қорғау, төтенше жағдайлар және басқа да мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілетін болады. Бүгінде жастар Полиция және Төтенше жағдайлар департаментіне жұмысқа орналасып үлгерді.
Сондай-ақ жоғары оқу орындарының көмегімен борышын өтеп келген жастарға және әскери қызметкерлерге жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі.
«Жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде әскери қызметтің алатын орны ерекше, сондықтан біздің бұл жобамыз жемісті боларына сенеміз», – дейді облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров.
Берік БЕК