Барлық адам тең құқылы екенін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен «Құқықтық көмек» жобасында әркез түсіндіруде. Заңгерлер мен адвокаттар құқықтық мәдениетті арттыруға шақырады.
Келушілерге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Тулегенов Бекайдар, Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Абдалиева, адвокат Ерлан Тлеуов, Zangerler Palatasi заң консультанты Анара Мырзағалиева кеңес берді.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі сотқа арыз жазу тәртібі бойынша кеңес сұрады. Сонымен қатар «Алтын алқа» көпбалалы аналарға арналған марапатқа өтініш тапсырып, алайда құжаттарының қателігінен оң жауап ала алмаған ана келді. Барлық арыз иесіне құқықтық кеңес беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Берік БЕК