Мемқызмет жұмысын жүйелеу жалғасады

Кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы жұ­мыс қорытындысы бойын­ша алқа отырысы өтті. Жиында МҚІА төрағасы Дархан Жа­зықбай Агенттіктің 2023 жыл­ғы жұмысын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған бір­қатар міндетті баяндады.

Алқа отырысына Президент Әкім­шілігі өкілдері, Президент жа­нындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Агенттік жанын­да­ғы Қоғамдық кеңес, Әдеп жөніндегі комиссия, Сервистік мемлекеттік аппаратты қа­лып­тастыру және оның қызме­тін бюрократиядан арылту жөніндегі консультативтік-сараптамалық топ мүшелері қатысты.  

«Былтыр Президенттің тапсыр­ма­сына сәйкес, Мемлекеттік бас­қару академиясының құрылымында адами ресурстарды басқарудың за­манауи құралдарын қолданатын арнайы HR институты құрылды. Тікелей тағайындау мүмкіндік­теріне сәйкес жоғары оқу орнын бі­тірген 100-ден астам түлек кон­курс­тан тыс аудандық және ауыл­дық деңгейдегі төменгі лауа­зымдарға тағайындалды, ал 300-ге жуық жеке сектордың тәжірибелі маманы мемлекеттік қызметке қа­былданды. Жас мамандарды мем­ле­кеттік басқару жүйесіне тарту жұ­мыстары әлі жалғасады. Биыл алғаш рет Өңірлік жастар кадр резервтеріне іріктеу жүргізіледі. Іріктеу 7 салалық бағыт бойынша өтеді», – деді Агенттік төрағасы.

Алқа отырысында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жұмыстың алдын ала қо­ры­тындылары айтылды. Мемле­кеттік органдармен бірлескен жұ­мыс нәтижесінде 550-ден астам бюрократиялық кейс әзірленді. Ұсыныстардың 152-сін іске асыру үшін заңнамалық деңгейде ше­шімдер қабылдауды қажет етеді. Жоғарыда аталғандардан бөлек, былтыр Агенттік көмегімен 360 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді, Үкіметке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократия­дан арылту бойынша 550 ұсыныс енгізілді, іріктеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер саны 2,7 есе өскен, 234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұ­мыс істеуге байланысты қосым­ша тынығу сағаттары берілді. Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызмет­ші­лерден елдік мүддені, заңдар мен адамгершілік ұстанымдарды жеке пайдадан биік қоюды талап ететін қоғамдық сенім екенін ескертіп, соған орай мемлекеттік қызмет­шілердің әдеп қағидаттарына жоғары талаптар қойылатынын айтты. Сондай-ақ Агенттік бас­шысы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойын мекемелеріне бару фактілеріне орай қоғам тарапынан сыни пікірлер мен наразылықтар туындайтындықтан, былтыр Әдеп кодексіне мемлекеттік қызмет­ші­лерді құмар ойын мекемелеріне барудан бас тартуға ынталандыру бойынша түзетулер енгізілгенін атап өтті. 

2023 жылы сауда және ин­те­грация, қаржы, халықаралық қатынастар, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар сынды 5 салалық бағыт бойынша жүргізілген. Мониторинг қоры­тын­дысы бойынша, адам қажет­тілігіне және сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағдар­ланған, сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді. 

Сонымен қатар алқа отыры­сында Агенттіктің алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары тал­қыланды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметті кәсібилен­ді­ру бойынша жұмысты жалғастыру, мемлекеттік аппаратты бюрокра­тиядан арылту бойынша заң шы­ғару­шылық қызметті күшейту, жас­­тарды мемлекеттік қызметке тарту және одан әрі цифрландыру процестерін жетілдіру бар.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ