АҚШ-та топ жарған жеңімпаз

Қазақстандық Кирилл Ге­ра­сименко АҚШ-та үстел тен­нисінен өткен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халық­ара­лық турнирінің жеңімпазы атанды.

Olympic.kz. сайты мәлім еткенін­дей, Қазақстан командасының үздігі төрт бірдей қарсыласынан басым түсті. Атап айтқанда, Кирилл Гера­сименко америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Мен­гель­ді 3:1, португалиялық Жоао Мон­тейруді 3:2 есебімен ұтып, ал­тын медаль жеңіп алды.