Оның біріншісі ауа райындағы өзгерістерді әр минут сайын деректер базасына түсірсе, екіншісі өсімдік пен ағаш тұқымдарын сақтап қалуға ықпал етеді. Жалпы, су режимдерін өлшеуге арналған мұндай құрылғы Қазақстанда бұрын болмаған екен.
– Мониторинг жүргізу, сараптама жасау арқылы атфосмераны, ауа райын зерттеуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асырамыз. Құрылғы желдің күшін, оның қай жақтан соғатынын анықтауға көмектеседі. Мұндай барокамераның жұмысын спутниктен ала алмайсыздар. Көзбен көре алмайсыз. Тек қолмен жасап, жаңағы құрылғы арқылы ғана сондай жұмыстарды атқаруға болады, – дейді Марғұлан университеті жаратылыстану жоғары мектебінің деканы Ермек Ғабдуллин.
Бұл зерттеу құрылғыларын Германияның Альберт-Людвиг атындағы Фрайбург университетінің ғалымдары әкелді. Шетелдік мамандар құны 20 миллион теңге тұратын кешеннің мүмкіндіктерімен таныстырды. Мобильді құрылғыларды көлікке тиеп алып қалаған жерде зерттеу жүргізуге болады.