Dalatex – отандық өнім ұсынушы бірден-бір компания. «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысып, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша І орын иеленген. Бүгінде өз өнімін шетелге экспорттауда.
Фабриканың негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнес жолын 20 жыл бұрын бастаған. Dalatex деген атау – қазақтың даласында жұмыс істейді, өнім шығады деген ниетпен қойылды, – дейді.
Кеш қонағы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіп бастаймын деген жастарға ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар жастарды, білім алуға, бастаған істі соңына дейін нәтижелі жасауға шақырды.
Жиналған жастар «AMANAT» партиясының мұндай іске мұрындық болғанына ризашылығын білдіріп, келешек жоспарларына үмітпен қарайтынын жеткізді.
Берік БЕК