Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
"Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармай, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр", – деді Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.