Алматы облысындағы сала мамандары есірткі өндіретін үш жасырын есірткі зертханасын бір мезетте жапты, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Оның екеуі фитолаборатория болып шықты.
Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 келіден астам есірткі тәркіленді.
Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды. Оның екеуі - таяу шетел азаматтары.
"Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Жалпы, жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жабылды. 400-ден астам есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы – шетелдіктер.