Қытайдан жеміс тасымалы шектеледі
Қытайдан жеміс тасымалы шектеледі
©rg.ru
260
оқылды
Қазақстан 2 наурыздан бастап Қытайдан кейбір жеміс түрін алып келуді уақытша тоқтатты. Ауыл ша­руашылығы министр­лігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған тыйым сүйекті, шекіл­де­уікті және цитрусты жеміс-жидек пен да­қылдарға салынған. Мұндай тыйымды енгізуге ҚХР-дан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнім­дерде «каран­тиндік обьектілердің» жүйелі түрде анықталуы негіз болып отыр. Айта кетейік, мемле­кеттік инспекция комитеті ҚХР-дың Бас кеден басқар­масының атына каран­тинге жатқызылған өнімді алып келу ке­зінде ха­лықаралық және бірыңғай ка­рантиндік фи­тосани­та­рия­лық талап­тардың бұзылуы туралы но­тифика­ция жолдаған. Яғни, талап фито­санитарлық ша­ралар жөніндегі Халықа­ралық стандарттың ережелеріне сәйкес жасалуда.
«ҚХР карантиндік қызметі АШ­М Агроөнеркәсіптік ке­шендегі мемлекеттік инспек­ция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әре­кет ету шараларын күшей­туді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар же­келеген жеміс-жидек бақша­ларының карантиндік объекті­лерге қарсы алдын алу шара­ларын жүргізбеуіне байла­нысты екенін анық­тады», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік инспекция ко­митетінің мәліметінше, был­тыр ел аумағына Қы­тайдан ка­рантинге жатқызылған өнім­ді алып кіруде 52 заң бұзушы­лық анықтал­ған. Оның ішінде 7 ка­рантиндік организм­дер, 22 фитосанитариялық сертифи­катсыз өнімді кіргізу жағдайы, 13 каран­тинге жатқызылған өнімнің орамасында таңба бол­мауы, 3 фитосанитариялық та­лаптардың бұзылуы, 4 фито­са­нитариялық сертификаттың сәйкессіздігі және 3 карантинге жатқызылған өнімнің тексе­руге ұсынбау жағдайы тіркелді. Нә­ти­жесінде, карантинге жатқы­зылған өнім­дер (12 мың тауар бірлігі) кері қайтарылып, 2 млн теңге көлемінде 27 айыппұл са­лынған. Әрине, қауіпсіздік үшін карантинге жатқызылған кей­бір өнімдердің келуіне тыйым салынғаны – оңды қадам. Деген­мен жыл сайынғы үздіксіз жет­кізіліп тұрған тауар көле­мінің азаюы азық-түлік баға­сын кө­те­ріп жібермей ме деген де кү­дік бар. Өйткені соңғы жыл­дары ҚХР Қазақстанға им­порт­талатын жеміс пен көкө­ніс­тің негізгі жеткізушісіне ай­налғаны белгілі. Мәселен, мандарин, апельсин, лимон же­містер мен орам­жапырақ, зім­бір, бұрыш (тәтті, ащы), сарымсақ секілді көкөністерді базардан жазбай танитын болғанбыз. Әсіресе, қыстың аяғы, көктемнің бас кезінде Қытайдан келетін цит­русты жемістер мен балғын көкөніске күніміз қарап қала­тыны рас. Ендігі үміт Ташкент­тен келетін ерте көктемгі өнім көлемі мен жергілікті әкімдердің «бағаны құрықтау» әрекетіне байла­нысты болмақ.   Дастан ДУМАН