Петропавлда 17 жастағы бойжеткенді 5 жігіт зорлаған

Қаскөйлер кәмелетке толмаған жасөспірімді әбден қорлап, білгендерін істеген.

Қызының зәбір көргені жайлы полицейлерге арызды Петропавл қаласының тұрғыны жазған, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстаған. Олар 17 мен 20-ның аралығындағы жас жігіттер. Қазіргі кезде үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы тағайындалған.

Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.