«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында – 1 учаске
1. «Ақтөбе-Атырау – Астрахань» – 255-330 шақырым, Қарауылкелді а. – Атырау облысының шекарасы – 75 шақырым. Бораннан жол көрінбейді.
Жамбыл облысында – 1 учаске
1. «Алматы – Ташкент – Термез» – 159-238 шақырым, Кенен а. – Қайнар а. – 79 шақырым.
Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсті.
Жетісу облысында – 1 учаске
1. «Үшарал – Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 шақырым.
Тұманнан жол көрінбейді.
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1. «Самара – Шымкент» – 195-246 шақырым, РФ шек. – Орал қ. – 51 шақырым.
Ресей аумағында боран соғып тұр.