Журналист Владимир Рерих 66 жасында Берлинде қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның бұрынғы жұбайы, тележүргізуші Дана Нұржігіт Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Владимир Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиа менеджер.
1987-1994 жылдары «Советтік Қазақстан» киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды.
1996-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бас директордың бірінші орынбасары – басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор) жұмыс істеген.
2006-2011 жылдары - Еуразиялық медиа форумның бас продюсері.
Ол «Хабар» телеарнасындағы «Кеш Рерих» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.
2012 жылы Владимир Рерих Германияға көшті.