Ертісте су деңгейі көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялады

Семейде Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілді.

Қауіпсіздік үшін «Бейбітшілік» аралының 11 тұрғыны эвакуацияланды. 

24.kz-тің мәліметінше, тұрғындарды қонақүйге орналастырып, ыстық тамақ берді. Төтенше жағдайлар депаратментінің қызмткерлері бөгет салып, су бұру үшін жол ашты. 

Нәтижесінде 5850 текше метр су өзен арнасына қайта жіберілді. 

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, қазір ауылды су басу қаупі жоқ. Сағат сайын учаскелерді аралау мен су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Ал тұрғындар өз үйіне қайтты.