"Қазгидромет" 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады.
Сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.
Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.
Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.