Жамбыл облысында оқыс оқиға салдарынан 2 адам мерт болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Көліктегі полиция басқармасына сілтеме жасап.
21 қаңтар күні таңғы сағат 7:27 шамасында Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің 2 қызметкері көз жұмды.
Осы дерек негізінде Шу станциясындағы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ бұл қайғылы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.