"Қазтелерадио" АҚ жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін хабарлады. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.
Компания бұл жоспарлы өшіру телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында екенін түсіндірді. Мұндай үзілістер тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жабу арқылы іске асатыны айтылады.
"Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласы уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – деп хабарланды компания сайтында.